Впервые в казахстанской судебной практике добились признания незаконной переквалификации доходов от услуг по техническому сопровождению программного обеспечения в роялти - GK and Partners

Қазақстандық сот практикасында алғаш рет бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық сүйемелдеу қызметтерінен түскен кірістерді роялтиге заңсыз қайта біліктендіруді тануға қол жеткіздік

Ресейлік нерезиденттің табыс салығын қайтару туралы өтінішхатымен бастамашылық етілген тақырыптық салық тексеруі нәтижелері бойынша салық органы көлік компаниясына 12,9 млн теңге мөлшерінде корпоративтік кіріс салығы мен 2,9 млн теңге өсімпұл есептеп шықты. Есептемелер үшін негіз болып қос салық салуды болдырмау туралы халықаралық конвенцияға сәйкес 10% мөлшерлемемен салықтауға жататын IT-қызметтер көрсету бойынша шарттардан түскен кірістерді роялтиге қайта біліктендіру табылды.

Біз Жоғарғы Сотта салық есептемелерінің толық күшін жойдырдық. Кассациялық сот біздің салық органының тақырыптық тексеру жүргізу кезінде өз өкілеттігінен асқаны туралы позициямызды қолдады. Департамент нерезиденттің салық қайтару туралы өтінішхатының шеңберінен шығып, өтініш мәніне байланысты емес мәселелерді уәкілетті органнан тиісті рұқсат алмай тексерді.

Табыстың кілтті факторы салық заңнамасының процедуралық нормаларының бұзылуын дәлелдеу болды. Біз нерезиденттердің өтінішхаттары бойынша тақырыптық тексерулер тек қайтаруға ұсынылған сомалар шеңберінде ғана жүргізілуі керек және мемлекеттік кірістер комитетінің арнайы шешімінсіз басқа шарттар мен кезеңдерге кеңейтіле алмайтынын негіздедік. Салық органының өкілеттігінен асуы бүкіл тексеруді жарамсыз деп тануға әкелді.

Өтінім қалдырыңыз!

Және біз сізге қайта хабарласамыз



ӨТІНІШІҢІЗГЕ РАХМЕТ!

Сізге жақын арада қоңырау соғамыз