Камералдық бақылау хабарламасына жауап | GK and Partners

Камералдық бақылау хабарламасына жауап: түсініктеме және тексеруден қорғау

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша алшақтықтар туралы хабарлама келді ме? Жауап беруге 30 жұмыс күні беріледі. Жауап бермесеңіз, салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын және ЭШФ жазып беруді тоқтата тұрады, ал түсініктеме сенімсіз болса, тексеру тағайындауы мүмкін. Біз алшақтықтардың негізділігін тексереміз, Салық кодексіне сілтемелер мен растайтын құжаттары бар толық түсініктеме дайындаймыз және оны салық органы қабылдағанға дейін сүйемелдейміз. Бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істейміз.

БІЗДІҢ КӨМЕГІМІЗ ҚАШАН ҚАЖЕТ?

ҚОЛДАУ ПРОЦЕСІ (ҚАДАМДАР)

Жедел диагностика

Хабарламаны және бастапқы деректерді талдау.

Іс-қимыл жоспары

Нені толықтырамыз, нені түзетеміз, үшінші тұлғалардан қандай дәлелдемелер сұраймыз.

Түсініктемелерді дайындау

Құқықтық ұстаным + операциялардың экономикалық негіздемесі.

Хабарламаларды тікелей өңдеу

Белгіленген мерзімде салық төлеушінің кабинеті арқылы құжаттарды беру және мемлекеттік кірістер органдарымен байланыс.

Мәміленің нақтылығын дәлелдеу

Егер заңнама бойынша түсініктеме беруге болмаса, хабарламаны сот тәртібінде даулаймыз және тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді іс жүзінде сатып алғанын дәлелдейміз.

Нәтиже және профилактика

Тәуекелдерді жояmыз, есепті/процестерді реттейміз, командаға тәуекелдерге жол бермеу жолдарын түсіндіреміз.

Тәжірибеден мысал

КТС декларациясы мен ЭШФ арасындағы 690 млн теңгеге жуық алшақтық

Жағдай. Шетелдік серіктестермен агенттік схема бойынша жұмыс істейтін компания КТС бойынша шегерімдердің асырып көрсетілгені туралы хабарлама алды: жүйе декларациядағы шығыстарды алынған ЭШФ-мен салыстырып, 690 млн теңгеге жуық алшақтық тапты. Шамамен сол уақытта бейрезиденттің кірісінен төлем көзінен ұсталатын КТС шамамен 14,5 млн теңгеге азайтылғаны туралы екінші хабарлама келді. Салық органы шетелдік серіктеске төлемдер туралы Ұлттық банктің деректеріне сүйенді.

Міндет. Белгіленген мерзімде алшақтықтардың бұзушылық емес екенін дәлелдеу және салық есептеуге, шоттардың бұғатталуына және тексеруге жол бермеу.

Нәтиже. Біз екі хабарлама бойынша салық тіркелімдерімен, шарттармен, актілермен және банк үзінді-көшірмелерімен толық түсініктемелер дайындадық. Шығыстарды декларация жолдары бойынша талдап, өнім берушілердің бір бөлігі неге ЭШФ жазып бермейтінін көрсеттік:

  • банк комиссиялары мен сақтандыру ҚҚС-тан босатылған қаржылық қызметтерге жатады, олар бойынша ЭШФ жазылмайды;
  • шарттық айыппұлдар мен өсімпұлдар өткізу айналымы болып табылмайды, сондықтан олар бойынша ЭШФ ресімделмейді;
  • бейрезиденттердің қызметтері бойынша 2025 жылы алушыны ЭШФ жазып беруге міндеттемеген бұрынғы Салық кодексі қолданылды, мұндай міндет тек 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болды;
  • клиенттер үшін кейбір қызмет көрсетушілерге төлем транзиттік болды: агент бұл сомаларды клиенттердің есебінен және мүддесінде аударды, сондықтан олар оның шығыстары болып табылмайды және шегерімдерге енгізілмеді.

Екінші хабарлама бойынша роялтиден салық есептелгені және төленгені, ал Қазақстаннан тыс жерде көрсетілген қызметтер үшін сыйақы төлем көзінен салық салынбайтыны және жүйе салыстыру кезінде ескермейтін есептің жеке бағанында көрсетілгені дәлелденді. Салық органы түсініктемелерді қабылдады, бұзушылықтар расталмады.

Сұрақтар мен жауаптар

Хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні. Алғашқы күндері хабарласқан дұрыс: құжаттар мен ашып жазуларды жинауға уақыт керек.

Салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын және ЭШФ жазып беруді тоқтата тұрады. Сонымен қатар, алшақтықтар бойынша салықтық тексеру тағайындалуы мүмкін.

Иә. Алшақтықтардың бір бөлігін қосымша есептілік тапсыру арқылы жоюға, ал қалған бөлігі бойынша түсініктеме беруге болады.

Мұндай шешімге шағымдануға болады. Көбінесе салық органы алдымен тексеру туралы алдын ала шешім шығарады, және бұл кезеңде оны әлі де тоқтатуға болады. Толығырақ мына бетте: «Салықтық тексеру туралы бұйрыққа шағымдану».

400 000 теңгеден бастап. Нақты құны алшақтықтар санына және құжаттар көлеміне байланысты, оны хабарламамен танысқаннан кейін айтамыз.

Камералдық бақылау хабарламасын алдыңыз ба? Мерзімінде жауап беруге көмектесеміз

Өтінім қалдырыңыз!

Және біз сізге қайта хабарласамыз



ӨТІНІШІҢІЗГЕ РАХМЕТ!

Сізге жақын арада қоңырау соғамыз