GK and Partners заң фирмасы | Астанадағы салықтық және корпоративтік даулар

Біздің команда

БІЗ КІМБІЗ

GK and Partners: Ғабитжан Құдайбергеннің басшылығындағы заң фирмасы. Біз 2017 жылы салық практикасынан бастадық, кейін клиенттердің сұраныстарын көріп, корпоративтік практиканы да жүргізе бастадық. Әр іспен Ғабитжан Құдайберген жеке өзі айналысады. Біз шектеулі санды клиентпен жұмыс істейміз, сондықтан жылдам жауап береміз және клиенттің бизнесіне терең үңілеміз. Салық комитетіндегі және заң фирмасындағы тәжірибе құқықтық стратегиялар құруға, тәуекелдерді азайтуға және клиенттердің мүдделерін салықтық және корпоративтік мәселелерде қорғауға мүмкіндік береді.

Біздің міндетіміз

Жоғары деңгейдегі заң қызметтерін көрсетуге ұмтылу біздің фирмамыздың негізін қалау сәтінен бастап іргетасына салынған. 2017 жылы құрылған сәттен бастап біз айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік, соның ішінде беделді халықаралық The Legal 500 рейтингінің мойындауына ие болдық. Біздің табысымыз заңнаманы терең білуге, клиенттерге жеке көзқарасқа және қызметтердің мінсіз сапасына негізделген.
 
Біз бизнес салық және корпоративтік салаларда жиі кездесетін мәселелермен үнемі жұмыс істейміз. Жинақталған тәжірибе бізге кез келген күрделіліктегі міндеттерді жылдам әрі тиімді шешуге, клиенттерімізге қойылған мақсаттарға жетуге көмектесуге мүмкіндік береді.
 
Біз клиенттер санын әдейі көбейтпейміз. Бұл серіктеске әр мәселеге жеке қатысуға, ал клиенттерге жылдам әрі нақты жауап алуға мүмкіндік береді.

Фирма басшысы

2008-2012 жылдары ҚР ҚМ Салық комитетінде қызмет атқарды: мемлекеттік органдардың мүдделерін салық дауларында білдірді; заң жобаларын әзірлеу жұмыстарымен айналысты; бюджетке және ұлттық қорға 50 млрд. теңгеден астам қаражатты өндіріп алды.

2012-2014 жылдары Grata заң фирмасында салық заңгері болып жұмыс істеді: корпоративтік клиенттерге салық мәселелері бойынша кеңес берді; салық дауларында клиенттердің мүдделерін қорғады; КТС және ҚҚС қайтару мәселелері бойынша клиенттерге көмек көрсетті.

Nazarbayev University-де 2026 жылы MBA бағдарламасын бітірді.

Қазіргі уақытта Ғабитжан заңгерлік тәжірибесін жалғастырып, Қазақстан салық кеңесшілері қауымдастығының құрылтайшыларының бірі болып табылады. Ол Maqsut Narikbayev University-де дәріс оқып, студенттермен тәжірибесін бөлісті.

YouTube арнасын жүргізіп, онда танымал қазақстандық заңгерлерді, судьяларды шақырып, салық және заң тәжірибесінің өзекті мәселелерін талқылайды. Forbes және Kapital басылымдарында жүйелі түрде мақалалары жарияланып тұрады.

Команда

Өтінім қалдырыңыз!

Және біз сізге қайта хабарласамыз



ӨТІНІШІҢІЗГЕ РАХМЕТ!

Сізге жақын арада қоңырау соғамыз