Защитили от налоговых начислений на 1,4 млрд тенге предприятие квазигоссектора - GK and Partners

Квазимемлекеттік сектор кәсіпорнын 1,4 млрд теңгелік салық есептемелерінен қорғадық

2017 жыл кезеңіндегі тақырыптық салық тексеруі нәтижелері бойынша салық органы квазимемлекеттік сектор кәсіпорнына 880,8 млн теңге мөлшерінде корпоративтік кіріс салығы мен 544,9 млн теңге өсімпұл есептеп шықты. Есептемелер үшін негіз болып мыналар табылды: Deutsche Bank AG London агентіне төленген 5,6 млрд теңге сомасындағы еврооблигациялар бойынша сыйақыларды салық салудан негізсіз босату; салық заңнамасы талаптарына сәйкес келмейтін салық резиденттігі сертификаттарын қолдану; еншілес компания қызметтері бойынша 167 млн теңге сомасындағы шығыстарды шегерімдерден шығарып тастау.

GK and Partners командасы салық есептемелерінің ішінара күшін жойуды қамтамасыз етті. Қаржы министрлігі біздің клиенттің негізгі мәселелер бойынша позициясын қолдады: Қазақстан қор биржасының ресми тізіміндегі еврооблигациялар бойынша сыйақыларды салық салудан босатудың заңдылығын және мамандандырылған кеңсе қызметі бойынша шығыстарды шегерудің негізділігін мойындады.

Табысқа салық заңнамасы мен қос салық салуды болдырмау туралы халықаралық келісімдерді мұқият талдау арқылы қол жеткізілді. Біз бағалы қағаздар бойынша сыйақылар жөніндегі жеңілдік қазақстандық қор биржасының ресми тізіміне енгізілген жағдайда орналастыру орнына қарамастан облигациялардың бүкіл шығарылымына қолданылатынын дәлелдедік. Сондай-ақ тиісті бастапқы құжаттаманың болуы кезінде еншілес компаниялармен шарттар бойынша шығыстардың экономикалық негізділігін растауға қол жеткізілді.

Өтінім қалдырыңыз!

Және біз сізге қайта хабарласамыз



ӨТІНІШІҢІЗГЕ РАХМЕТ!

Сізге жақын арада қоңырау соғамыз