Успешно обжаловали штраф на 20 млн. тенге для крупной торговой организации (ч.4 ст. 280-1 КоАП) - GK and Partners

Ірі сауда ұйымы үшін 20 млн теңгеге салынған айыппұлды сәтті шағымдадық (ӘҚБтК 280-1-баптың 4-бөлігі)

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі қарай - ӘҚБтК) 44-бабына сәйкес салықтық құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлдарды шартты түрде екі санатқа бөлуге болады: пайызбен өрнектелетін айыппұлдар және АЕК-пен өлшенетін айыппұлдар (АЕК-тегі айыппұлдар). Ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін АЕК-тегі айыппұлдардың ең жоғары мөлшері 2000 АЕК құрайды. ӘҚБтК 58-бабына сәйкес бірнеше құқық бұзушылық жасаған кезде айыппұлдың жалпы сомасы үш еселенген ең жоғары шекті, яғни 6000 АЕК-ті аспауы керек.

Клиент, ірі сауда компаниясы, 2019 жылы айналым жасалған күннен бастап 15 күндік мерзімге сыйдыра алмай, көп мөлшерде ЭСФ-ті уақтылы ресімдемеген. Бұл бір күнде болды: ЭСФ ақпараттық жүйесі қатып қалды, содан кейін жай ғана ұмыт кетті.

Осы фактіге байланысты клиент ӘҚБтК 280-1-баптың 4-бөлігі (Шот-фактураларды ресімдеу тәртібін бұзу) бойынша жауапкершілікке тартылды, бұл 100 АЕК мөлшерінде жауапкершілікті көздейді. Айыппұл өте қатал, себебі әрбір ЭСФ үшін салынады және тіпті айналым мөлшері 100 теңге болса да. ЭСФ саны көп болғандықтан, 6000 АЕК мөлшерінде, яғни 15 150 000 теңге айыппұл салынды. Мені осы айыппұлды шағымдау үшін тартты. Біз клиентпен белгіленген гонорарсыз табысқа пайыздық негізде жұмыс істеуге келістік. Кейіннен клиент тағы да 15 150 000 теңгеге айыппұл салынды. Барлығы — 30 300 000 теңге

Жұмыс барысында мен ЭСФ-тің бір бөлігі заңды тұлғаларға, бір бөлігі – қолма-қол есеп айырысуы бойынша жеке тұлғаларға ресімделгенін анықтадым. СК 412-бабының 13-тармағына сәйкес қолма-қолмен есеп айырысатын жеке тұлғаларға тауарларды сату кезінде шот-фактураларды ресімдеу талап етілмейді. Бухгалтер қажет емес жұмысты жасаған екен. Ал салық органдары ұзақ уақыт талдамай, барлық ЭСФ бойынша хаттама жасады.

Мен бұл туралы сотта мәлімдедім. Нәтижесінде сот жеке тұлғаларға ресімделген ЭСФ бойынша істі тоқтатты, ал заңды тұлғаларға ресімделген ЭСФ бойынша ӘҚБтК 819-бабының 2-бөлігінде көзделген 30% жеңілдік қолданды. Жалпы барлық айыппұлдар бойынша 30 млн теңгеден 20 млн теңге жойылды.

Өтінім қалдырыңыз!

Және біз сізге қайта хабарласамыз



ӨТІНІШІҢІЗГЕ РАХМЕТ!

Сізге жақын арада қоңырау соғамыз