Шетелдік компаниялардың филиалдары қос салық салуды жою туралы конвенциялар мен салық кодексіне сәйкес бас офистің басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын шегерімдерге жатқызуға құқылы. Сондай-ақ конвенцияларға сәйкес шетелдік компаниялардың филиалдары таза кіріске корпоративтік табыс салығының (ККС) 5% төмендетілген мөлшерлемесін қолдануға құқылы.

Аталған жеңілдіктерді қолдану үшін салық төлеуші салық органына резиденттікті растайтын құжат ұсынуы керек. Әдетте бұл 1961 жылғы Гаага конвенциясына сәйкес апостиль қойылған резиденттік сертификаты. Бірақ Америка мен Қазақстан арасында резиденттікті растау 6166 нысаны бойынша резиденттік сертификатын ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Елдер арасындағы өзара келісім мұндай сертификаттарға апостиль қоюды талап етпейтінін көздейді.
Америкалық компанияның филиалын тексеру барысында салық органы сертификатты ресімдеуге наразылық білдірді, осыған байланысты бас офистің басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын шегерімдерден шығарып тастады, сондай-ақ таза кірісге ККС-тың 15% мөлшеріндегі ең жоғары мөлшерлемесін қолданды.
Салық төлеушінің өзінің қателіктеріне байланысты басқа негіздер бойынша да есептемелер жасалды. Клиент осы мәселені шешу үшін бізге жүгінді. Мемлекеттік баж үшін қосымша шығыстар жұмсамау мақсатында біз клиентке тек сипатталған бөлік бойынша ғана шағымдануды ұсындық. Қалғаны перспективасыз еді.
Осы негіз бойынша есептелген ККС сомасы 28,4 млн теңгені, өсімпұл – 291 мың теңгені құрады. Сот дауы барысында Нұрлан сотқа ұсынылған сертификаттың заңнама талаптарына сәйкес келетінін дәлелдей алды. Осыған байланысты сот есептемелерді заңсыз деп танып, олардың күшін жойды. Бұдан кейін салық тексеруінен туындаған 8,5 млн теңгелік әкімшілік айыппұлдың күшін жою қиын болмады.
Нәтижесінде осы кейс бойынша Нұрлан жалпы алғанда 37 млн теңгеден астам соманың күшін жойды.




