Защита интеллектуальной собственности | GK Partners

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІ ҚОРҒАУ

Выиграли гражданский спор о взыскании задолженности по госконтрактам на 94,9 млн тенге в двух инстанциях

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІ ҚОРҒАУ

Зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды зияткерлік меншік объектілерін тіркеу және құқық иелерінің айрықша құқықтарын ресімдеу арқылы қорғауға көмектесеміз. Зияткерлік меншік объектілерін кәсіби тіркеу зияткерлік қызмет нәтижелерінің құқықтық қорғанысын алуға, үшінші тұлғалардың заңсыз пайдалануының алдын алуға, сондай-ақ айрықша құқықтардың құжаттық расталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құқықтарды сауатты ресімдеу компанияның материалдық емес активтерін қорғау және оларды коммерциялық айналымда пайдалану үшін сенімді негіз жасайды.

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІ ТІРКЕУ ҚАШАН ҚАЖЕТ?

БІЗДІҢ НӘТИЖЕГЕ ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕМІЗ?

Объектілерді талдау

Жасалып жатқан немесе жасалған зияткерлік қызмет объектілерін зерттейміз, олардың құқықтық қорғанысының мүмкіндігі мен тәсілдерін айқындаймыз.

Қорғалуға жарамдылықты тексеру

Жаңалықты бағалау және ұқсас тіркелген объектілердің болмауын анықтау үшін деректер базалары бойынша алдын ала іздеу жүргіземіз.

Өтінімді дайындау

Объектінің сипаттамасын әзірлейміз, қажетті материалдарды дайындаймыз және заңнама талаптарын ескере отырып өтініш құжаттарын толтырамыз.

Тіркеуші органға беру

Уәкілетті органға өтінімді уақтылы беруді қамтамасыз етеміз және қарау рәсімінің сақталуын бақылаймыз.

Сұрау салуларға жауаптар

Сараптамалық қорытындылар мен тіркеуші органның сұрау салуларына жауаптар дайындаймыз, ескертулер мен қарсылықтарды жояmыз.

Қорғау құжатын алу

Тіркеудің барлық кезеңдерінен өтуді және зияткерлік меншік объектісіне куәлік немесе патент алуды қамтамасыз етеміз.

Пайдалану бойынша кеңес беру

Тіркелген объектілерді пайдалану тәртібін түсіндіреміз, лицензиялау және құқықтарды беру мәселелері бойынша кеңес береміз.

Біздің Қызметтер
Көмек керек пе?

Бетте өтінім қалдырыңыз немесе info@salyk.net поштасына жазыңыз.
Біздің арнайы оқытылған жасанды интеллектке 24/7 сұрақ қойыңыз — виджет экранның төменгі оң жақ бұрышында.

Добились отмены переклассификации товаров через суд (продолжение предыдущего кейса)

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІ ҚОРҒАУДЫ ТАПСЫРЫС БЕРІҢІЗ

Өтінім қалдырыңыз!

Және біз сізге қайта хабарласамыз



ӨТІНІШІҢІЗГЕ РАХМЕТ!

Сізге жақын арада қоңырау соғамыз