2008-2012 жылдары ҚР ҚМ Салық комитетінде қызмет атқарды: мемлекеттік органдардың мүдделерін салық дауларында білдірді; заң жобаларын әзірлеу жұмыстарымен айналысты; бюджетке және ұлттық қорға 50 млрд. теңгеден астам қаражатты өндіріп алды.
2012-2014 жылдары Grata заң фирмасында салық заңгері болып жұмыс істеді: корпоративтік клиенттерге салық мәселелері бойынша кеңес берді; салық дауларында клиенттердің мүдделерін қорғады; КТС және ҚҚС қайтару мәселелері бойынша клиенттерге көмек көрсетті.
Қазіргі уақытта Ғабитжан заңгерлік тәжірибесін
жалғастырып, Қазақстан салық кеңесшілері
қауымдастығының құрылтайшыларының бірі болып
табылады. Ол Maqsut Narikbayev University-де дәріс
оқып, студенттермен тәжірибесін бөлісті.
YouTube арнасын жүргізіп, онда танымал
қазақстандық заңгерлерді, судьяларды шақырып,
салық және заң тәжірибесінің өзекті мәселелерін
талқылайды. Forbes және Kapital басылымдарында жүйелі түрде мақалалары жарияланып тұрады.